Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

Материалы за Январь 2015 года » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

Порядок поступления на государственную службу

Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

01 янв 17:28Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы ережемен реттеледі.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Рееспубликасының Президенті айқындайды.
Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде төмендегідей талаптар қойылады («Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 13-бабы). Мемлекеттік қызметші: 1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;
3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

Порядок поступления на государственную службу
Противодействие коррупции

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

01 янв 12:22Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтк бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Басқарма қызметкерлерінің құқықтық бүкіл оқулығының оқу-тақырыптық жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әзірледі. Аталған Жоспарға сәйкес «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» секілді Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларын түсіндіру бойынша ай сайын семинарлар өткізіледі.
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтк бағдарламалар басқармасы » ММ интернет – ресурсында «НҚА» тарауында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелерін және басқа да мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер орналасқан.
Ай сайын, тоқсан сайын облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне және Құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасына мемлекеттік қызметшілермен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жолданады.
Программа «Дорожная карта занятости 2020»

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасы

01 янв 11:34Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру
Программа «Дорожная карта занятости 2020»2011 жылғы 1 шілдеден бастап «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру мақсатында облыстың әр ауданы мен қаласында Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқартуға бағытталған.
Бағдарлама үш бағыттан тұрады:
1 бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

2 бағыт: кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту.
3 бағыт: жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Бағдарламаның іс-шараларына азаматтардың келесі санаттары қатыса алады:
- жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары.
Бағдарламаға қатысу үшін басымдылық
- оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 11-сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілеріне;
- жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;
- он сегізден жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- еңбек қызметімен айналысу үшін денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ мүгедектерге;
- ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге;
- зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 50 жастан асқан адамдарға;
- жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге;
- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда бұрын істеген және мемлекеттік жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдарға;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдарға;
- бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) мәжбүрлі емдеуден босатылған адамдарға;
- жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына, жұмыс беруші – жеке тұлға қызметін тоқтатқанға байланысты немесе қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша жұмыстан босатылған адамдарға беріледі.
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары:
Бірінші бағыт
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және абаттандыру кезінде құрылған жұмыс орындарына орналастыру.

Екінші бағыт
1. Жол жүруге және тұруға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту және бизнес-жоспар әзірлеуге жәрдемдесу;
2. Микрокредиттер мен миникредиттер беру.
Микрокредит сомасы – 3 млн теңгеден аспайды, микрокредит беру мерзімі – 5 жылға дейін.
Миникредит сомасы – 500 мың теңгеден аспайды, беру мерзімі – 3 жылдан аспайды.
Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берiлмейдi.
3. Бір жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтер (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) көрсету.
4. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе жетіспейтіндерін салу және/немесе 500 мың теңгеге дейін микрокредит алған адамдарды қоспағанда Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, сондай-ақ жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдық сатып алу.
«Тірек ауылдарды кешенді дамыту» бағыты бойынша қосымша
- кредит мөлшері – 5 млн теңгеге дейін;
- екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қарастырылды.

Үшінші бағыт
1. Кәсіптік бағдарлану, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация, психологиялық бейімдеу жөніндегі қызметтер.
2. Материалдық көмек көрсете отырып талап етілген мамандықтар бойынша біліктілікті арттырудың, кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың тегін курстарына жіберу.
Кәсіптік даярлаудың мерзімі – 12 айдан аспайды, қайта даярлау – 6 айдан аспайды, біліктілікті арттыру – 3 айдан аспайды.
3. Ағымдағы бос орындарына, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына орналастыру.
Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендер мен экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге жәрдемдесу.
4. Қызметтік тұрғын үй беру.
5. Жастарға арналған жатақханалардан бөлме беру.
6. Психологиялық бейімделу;
7. Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасу.
8. Көшуге субсидия беру.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер адамдарға тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына өтінуге болады.
Нақты ақпаратты тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталықтарынан немесе Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алуға болады (306 кабинет, тел.: 541640, 501920).
Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы