Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

Материалы за Март 2016 года » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

ОБ ЭТИКЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ ПЕРВЫМ РУКОВОДИТЕЛЯМ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ БІРІНІШІ БАСШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА САЛЫНДЫ

29 мар 17:35
Үстіміздегі жылдың наурыздың 28–да облыс әкімдігінің отырыс залында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов төралығымен Қостанай облысының басқармалары мен Депратаменттердің басшылары қатысқан кезекті алқа мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында мемлекеттік қызметкерлердің жаңа Әдеп кодексі тақырыбы ортаға салынып, осы сұрақ бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Берген Беспалинов толығырақ тоқталып кетті. Баяндама барысында Департамент басшысы Әдеп кодексінің негізгі талаптарына тоқтала кете, мемлекеттік қызметшілердің заң бұзушылық фактілерін мысал етіп отырсықа қатысушылардың назарына салды.
Сонымен қатар Берген Беспалинов, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілерін, азаматтармен жұмыс барысында және ұжым ішіндегі әдепсіздік немесе әбестік таныту фактілерін алдын алу мақсатында мемлекеттік органдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекеше назар бөлу қажеттілігін айтып кетті. Департамент басшысы мемлекеттік мүлікті қызметінен тыс немесе жеке мақсатпен қолдану болмыстары бойынша ішкі бақылауды нығайту керектігін де назарға салды.
Отырыс барысында Берген Бесплинов кадрлық ауысу, субсидия мен грант бөлу, жер учаскілерін немесе баспана бөлу сұрақтарын қарастыру барысындағы мүдделер тартысы туындайтын фактілерді болдырмау және әшкерленген кезде тиісінше мемлекеттік органның басшылығына немесе әдеп бойынша уәкілетті тұлағаға хабарлау керектігін отырысқа қатысушыларға жеткізді.
Аталаған тақырыпты қорытындылай келе облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекеттік органдардың басшыларына және құқық қорғау органдар өкілдеріне мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзған жағдайда, заң жүзінде жазаға тартып уәкілетті органдарға немесе ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментіне хабарлау қажеттілігін жеткізді.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқолықтың алдын алу басқармасы
Внутренний конкурс на руководителя, категория Д-О-3

Д-О-3 санаты, Заң бөлі басшының ішкі конкурсы

29 мар 11:20
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 50-13-08, 50-09-02 (факс), электрондық мекенжайы: social@kostanay.gov.kz) Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымның бос орнына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
Заң бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру; Басқарма қызметіне қатысты Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттар жобасының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру, құқықтық мәселелерді қарау кезінде Басқарманың мүддесін сотта және өзге де органдарда білдіру, Басқарманың мүдделі бөлімдерімен бірлесе құқықтық сипаттағы нормативтік құқықтық актілер, шарттар, жарғы, ережелер, басқа да құжаттардың жобаларын дайындау, құқықтық сипаттағы мәселелер жөнінде Басқарма бөлімдерінің мамандарын, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, ведомстволық бағынысты интернат үйлерінің қызметкерлеріне кеңес беру, Басқарма құзыретіне жататын заң мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Біліктілік талаптары:
- білімі: жоғары, құқық (заңтану).
- кәсіптік қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, С-О-4, С-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша окуды аяқтаған жағдайда;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Көрсетілген құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34, 301 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжайы: social@kostanay.gov.kz) тапсырылуы тиіс.
Конкурстық комиссия қарайтын құжаттарды азаматтар қолма-қол беру тәртібінде немесе құжаттарды қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады (қоса берілген құжаттарды көрсете отырып, тез тігілетін мұқабаға салынған). Құжаттарды мемлекеттік органның электрондық поштасына электрондық түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталына ұсынған жағдайда, құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей беріледі. Ұсынбаған жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 5 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Шағым жасау тәртiбi
1. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
2. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнге дейінгі мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
4. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс өткізген мемлекеттік органға Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
5. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.
Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
6. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

Внутренний конкурс на руководителя, категория Д-О-3
Внутренний конкурс на заместителя руководителя, категория Д-О-2

Д-О-2 санаты, Басшының орынбасарына ішкі конкурсы

29 мар 10:49
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжайы: social@kostanay.gov.kz) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, Д-О-2 санаты (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 163233 теңгеден 220697 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімдердің қызметіне басшылық жасайды; Өзі басқаратын бөлімдердің функционалдық міндеттерінің және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының орындалуын бақылайды. Қызметкерлерге әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Семинарлардың жұмысын ұйымдастырады. Бөлмежайларды және Басқармаға іргелес аумақтарды пайдалануды, ұстауды, қызмет көрсететін персоналдың жұмысын қамтамасыз етеді.
Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:
- білімі: жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы);
- кәсіптік қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-3, С-3, С-О-3, С-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-3, С-3, С-О-3, С-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес, жоғары оку орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оку орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Көрсетілген құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай қаласы, Қасымханов көшесі, 34, 301 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8 (7142) 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжайы: social@kostanay.gov.kz) тапсырылуы тиіс.
Конкурстық комиссия қарайтын құжаттарды азаматтар қолма-қол беру тәртібінде немесе құжаттарды қабылдау мерзімінде пошта арқылы ұсынады (қоса берілген құжаттарды көрсете отырып, тез тігілетін мұқабаға салынған). Құжаттарды мемлекеттік органның электрондық поштасына электрондық түрде немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталына ұсынған жағдайда, құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей беріледі. Ұсынбаған жағдайда, тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 5 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Шағым жасау тәртiбi
1. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
2. Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнге дейінгі мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
3. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
4. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша осы Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi конкурс өткізген мемлекеттік органға Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
5. Уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында қаралады.
Конкурс комиссиясы қабылданған шешiм туралы, ол қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішiнде, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
6. Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздерiне қатысты бөлiгiнде, сондай-ақ уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi конкурс құжаттарымен, тестiлеу және әңгiмелесу нәтижелерiмен таныса алады.

Внутренний конкурс на заместителя руководителя, категория Д-О-2
ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ: ГОСУДАРСТВЕННАЯ СЛУЖБА – СТАБИЛЬНОСТЬ, РОСТ, ПЕРСПЕКТИВА

БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ӨСІМ, БОЛАШАҚ

28 мар 15:48
2016 жылдың 25 наурызында Челябі мемлекеттік университеті Қостанай облыстық филиалында облыстың ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен облыстық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге мемлекеттік мекеме, құқық қорғау органдар өкілдері, жеке және өзге де ұйымдар қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті де өз секциясын ұсынды. Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Динара Хасанова және сыбайлас жемқорлықты алдын алу басқармасының бас маманы Рүстем Болат қатысып, потенциалды мемлекеттік қызмекерлерге кеңес беріп, мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың барлық процедураларын түсіндіріп берді. Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетіндер қатары аз болған жоқ. Жәрмеңкеге қатысушыларды аса қызықтырған сұрақтардың бірі мемлекеттік қызмет өткеру, тест тапсыру, мансаптың жоғарылауы болды.
Иван Иванов Челябі мемлекеттік университетінің түлегі. Жас жігіт заңгерге оқып шығып, бүгінде белсенді түрде жұмыс іздеп жүр. Сондықтан да бос орындар жәрмеңкесіне бірінші келгендердің қатарында. Оның айтуынша ұсыныстар аз емес, алайда бәрінен бұрын мемлекеттік қызмет органдарында қызмет істеу. Иванның айтуынша, мемлекеттік қызмет тек қана тұрақтылық пен абырой емес, сонымен қатар, адал еңбек, халқына, отанына деген үмітін ақтаудағы қызмет дейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған мерекелерді өткізу түлектерді жұмысқа орналастырып қана қоймай, жұмыс берушілерге де перспективті және мақсатты мамандар тауып алуға мүмкіндік береді.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқолықты алдын алу басқармасы

ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ: ГОСУДАРСТВЕННАЯ СЛУЖБА – СТАБИЛЬНОСТЬ, РОСТ, ПЕРСПЕКТИВА

ЯРМАРКА ВАКАНСИЙ: ГОСУДАРСТВЕННАЯ СЛУЖБА – СТАБИЛЬНОСТЬ, РОСТ, ПЕРСПЕКТИВА
СОТРУДНИКАМ УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ О НОВОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ В СФЕРЕ ГОСУДАРСТВЕНОЙ СЛУЖБЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ЗАҢДАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

28 мар 15:46
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметті өткеру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп сақтау нормалары сияқты тақырыптар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандарына өткен семинар-мәжіліс шеңберінде ортаға салды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарын талқылауға бағыт алған семинарға облысымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары да ат салысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсет Досекенов жаңа заңдардың негізгі бағыттарында толықтай тоқталып өтті. Мемлекетік қызметшінің айтуынша, - «Бүгінгі таңда біздер үшін мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономды, өзін-өзі іске асыруға барлығының бірдей мүмкіншілігі бар қазақстандық коғамының әділдік прототипы болуы өте маңызды. Бүгінгі таңда біз мемлекеттік қызметтің ағымдағы позициялықтан мансаптық моделге ауысудамыз. Осыған байланысты, кім мемлекеттік қызметке орналасуға тілек білдірген және конкурстық іріктеудің барлық талап шарттарына сай келетіндерге жол ашық деп толықтай айта аламыз».
Сонымен қатар Әсет Досекеновтың айтуынша департаменттің алға қойған мақсаттырның бірі сыбайлас жемқорлықтың салдарларын анықтау және кінәлілерді жазалау ғана емес сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың шарттары мен себептерін жою. Осы бағыттағы жұмыстың маңыздылығы азаматтық қоғамның субектілерімен нәтижелі ынтымақтастықты және халықты ақпараттандыру, нөлдік шыдамдылықтың жағдайын туғызуды реттеу болып табылады. «Бұл қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін ықшамдауға мүмкіндік береді» - дейді мемлекеттік қызметші.
Семинар жұмысына қатысқандар аталған тақырыптар бойынша өз сауалдарын қойса департамент өкілі жолданған сұрақтарға толықтай жауап берді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқолықтың алдын алу басқармасы

СОТРУДНИКАМ УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ О НОВОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ В СФЕРЕ ГОСУДАРСТВЕНОЙ СЛУЖБЫ

СОТРУДНИКАМ УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ О НОВОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ В СФЕРЕ ГОСУДАРСТВЕНОЙ СЛУЖБЫ
ОБ ЭТИКЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ СОТРУДНИКАМ ЧС

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ ҚОСТАНАЙЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА САЛЫНДЫ

28 мар 15:42
Үстіміздегі жылдың 25 наурызда ҚР Мемелекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департамент мамандары қостанайлық төтенше жағдайлар департаменті өкілдеріне арнайы семинар ұйымдастырды. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекетік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі туралы тақырыптары талқыланды.
Кездесу барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасынның бас маманы Диас Ахмеджанов 2015-2025 жылдарға арналаған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сратегиясының негізгі бағыттарына тоқталып өтті.
Сонымен қатар қостанайлық құтқарушылардың назарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа механизмдері тақырыптары салынып, жалпы заң бұзушылық әрекетін болдырғанның салдарында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер жөніндегі қозағалған тәртіптік істер мазмұнын ортаға салды. Мысал ретінде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көліктерін жұмыстан тыс ууақытта қолдану ахуалдары айтылды.
Семинарды қорытындысында құтқарушылар аталған заңдардың жеке тармақтарына назар аударып, сауалдарын қойды. Сонымен қатар мамандардың айтуынша осындай семинар өткізу қоғамдағы құқықтық сауаттандыру бағытана оң пайдасын тигізеді деген пікір білдірді. Сондықтан осындай семинарларды қостанайлық құтқарушылар үшін жиі өткізу керектігін айтып кетті.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқолықтың алдын алу басқармасы

ОБ ЭТИКЕ ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ СОТРУДНИКАМ ЧС


СПЕЦИАЛИСТАМ ОБЛАСНОГО МАСЛИХАТА О НОВОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ МАМАНДАРЫНА ЖАҢА ЗАҢДАР БОЙЫНША ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

28 мар 15:39
Осы жылғы наурыздың 25-нде Қостанай облысы әкімдігінің отырыс залында облыстық мәслихат мамандары қатысуымен кезекті семинар өтті. Семинар шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдары және жаңа Әдеп кодексі тақырыбы ортаға салынды.
Аталған тақырыптар бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Рүстем Болат ақпарат берді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметші 2015-2025 жылдарға арналаған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сратегиясының негізгі бағыттарына толықтай тоқталып өтті.
Семинар жұмысына қатысқандар аталған тақырыптар бойынша өз сауалдарын қойды. Департамент өкілі жолданған сұрақтарға толықтай жауап қайтарды.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқолықтың алдын алу басқармасы

СПЕЦИАЛИСТАМ ОБЛАСНОГО МАСЛИХАТА О НОВОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ

СПЕЦИАЛИСТАМ ОБЛАСНОГО МАСЛИХАТА О НОВОМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ
ПРАЗДНИЧНОЕ ПЕРВОЕ МЕСТО

МЕРЕКЕЛІ БІРІНШІ ОРЫН

28 мар 15:36
Биылғы Наурыз мерекесі қостанайлықтар үшін кезекті спорттық шарадан басталды. Бұл жолы Наурыз мейрмамын мерекелеу қарсаңында 20 наурыз күні қостанайлық спортшылар кезекті жүгірісін мерекеге арнады.
Жүгіріс Қостанай қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі бастамасымен аталған шара Қостанай қаласының орталық саябағында өтті. 2,5 шақырым қашықтықта тәжірибелі спортшылармен қатар салауатты өмір салтын қолдайтын жандар да ат салысты.
Сонымен қатар шараға мемлекеттік қызметшілер де белсенді қатысты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаменті атынан, түрлі спорттық шараларда жүлделі орындарға ие болған Азамат Оташев қатысты. Кезекті спорттық шара Азамат үшін жүлделі болды. Жүгірістің нәтижесінде мемлекеттік қызметші бірінші орынға ие болды.
Салауатты өмір салтына әріптестерін шақырған жас маман осыдай спорттық шаралар өткізу тек мемлекттік қызметшілер ғана емес жалпы қостанайлықтарды жаппай спортпен шұғылдануға әуестендіреді дейді.


ҚР мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқолықты алдын алу басқармасы


ПРАЗДНИЧНОЕ ПЕРВОЕ МЕСТО
ГОССЛУЖАЩИМ НА ПОДМОГУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ КӨМЕГІНЕ

28 мар 15:28
Протекционизм және аффилендіру әсерлерін, командалық көшуді болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен белсенді шаралар өткізуде. Осы мақсатта былтырғы жылдан бастап елімізде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі іске асырылуда, ол мемлекеттік қызметкерлерді тағайындау және ілгерілетуде сыбайлас жемқорлық әсерін төмендетуге мүмкіншілік береді.
Қостанай облысында, мемлекеттік органдардағы персоналды басқару қызметкерлеріне «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесін іске асыруда практикалық және методикалық көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мамандары, наурыздың 24 мен 25 аралығында «Е-қызмет» жүйесін қолдану бойынша көшпелі түсіндіру шаралар ұйымдастырды.
Нәтижесінде Департамент мамандары бірқатар мәселелерге тоқталып, «Е-қызмет» жүйесін қолдану барысындағы практикалык қызметі пайдалану бойынша толықтай түсіндіріп өтті.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқолықтың алдын алу басқармасы

ГОССЛУЖАЩИМ НА ПОДМОГУ
Об утверждении и завершении проведенного собеседования

Өткізілген әңгімелесуді бекіту және аяқтау туралы

24 мар 17:32
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға тұру бойынша конкурстық отырыстың № 2 хаттамасымен шешілген:

1) - D-O-3 санаты , персоналды басқару бөлімінің басшысының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына тұруға үміткер болып - В.Н. Седыхпен өткізілген әңгімелесудің қорытындысы бекітілсін.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға тұру бойынша конкурстық отырыстың № 3 хаттамасымен шешілген:

1) Валерий Николаевич Седыхты персоналды басқару бөлімінің басшысы лауазымына қабылдау ұсынылсын.

2) Конкурстық комиссияның хатшысы Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Департаментіне хаттаманың көшірмесін ұсынсын.

Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы