Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

Материалы за Декабрь 2016 года » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

Об итогах конкурса

Об итогах конкурса

30 дек 14:54
Протоколом № 3 заседания конкурсной комиссии по занятию вакантной административной государственной должности решили:

Рекомендовать принять на должность главного специалиста отдела занятости населения и рынка труда Тихона А.И.
Проведено очередное заседание Межведомственной комиссии по вопросам борьбы с незаконным вывозом, ввозом и торговлей людьми при акимате Костанайской области

Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді

29 дек 16:18
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қаматуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Қостанай облысы әкімі орынбасарының жанында 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста қылмыс жасау және мұқтаж адамдарды әлеуметтік және өзге көмекпен қамту мониторингі арқылы адамдарды саудалау мәселелерінің профилактикасын жүргізу тиімділігі, Құлдықты ескерту және алдын алу мақсатында құлдықтың түрлі нысандары туралы тұрғындарды хабардар етудің тиімділігі, балаларды құлдықтың түрлі нысандарынан қорғау туралы, оның ішінде кәмелетке толмағандарды құлдықтың түрлі нысандарына тарту профилактикасы туралы бір қатар мәселелер қаралды.
Отырыстың қорытындылары бойынша 2015-2017 жылдарға арналған Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жөніндегі өңірлік ВАК және мүдделі органдардың жұмысын белсендіру жөнінде шешімдер шығарылды.
О допуске на собеседование

О допуске на собеседование

28 дек 15:39
Протоколом № 1 от 28.12.2016 заседания конкурсной комиссии по занятию вакантной административной государственной должности решили:

1. Признать документы участников конкурса Нурушевой Б. К., Абдрахмановой Р.М., Тихон А.И. соответствующими установленным квалификационным требованиям к соответствующей административной государственной должности корпуса «Б» и допустить к собеседованию для занятия вакантной должности главного специалиста отдела занятости населения и рынка труда (категория Д-О-4);
2. Утвердить прилагаемый перечень вопросов, задаваемых кандидатам.
В детском центре прошел круглый стол по вопросам защиты имущественных прав детей-сирот

Балалар орталығында жетім балалардың мүліктік құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізілді

28 дек 14:38
Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де 2016 жылғы 27 желтоқсанда ювеналды сотының, білім және қамқорлық пен қорғаншылық органдарының, халықты әлеуметтік қорғау өкілдерін шақырумен дөңгелек үстел өткізілді.
Семинардың мақсаты жетім балалардың мүліктік құқықтарын қорғау, мүгедек балалардың дәрежесін анықтау, мүгедек балалардан бас тартқан ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру мәселелері болып табылды.
Ювеналды сотының өкілі жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы сот практикасы, сонымен қатар балалардың мүліктік құқықтарын іске асыру барысында туындайтын даулы жағдайлар туралы әңгімеледі.
Семинардың аяқталуында басқосуға қатысушылар ақпаратпен алмасты және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін шешуде және балалар құқықтарын қорғау жүйесіндегі жұмысты жетілдіруде ведомствоаралық өзара қарым-қатынастың мүмкіндіктерін қарастырды.

В детском центре прошел круглый стол по вопросам защиты имущественных прав детей-сирот
Внутренний конкурс среди государственных служащих всех государственных органов: Главный специалист отдела занятости населения и рынка труда, категория Д-О-4 – 1

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды: Халықты жұмыспен қамту және еңбек рыногы бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты (1 бірлік)

22 дек 18:07
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 301 кабинет, анықтама телефоны: 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжай: social@kostanay.gov.kz) барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Халықты жұмыспен қамту және еңбек рыногы бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Халықты өңірлік жұмыспен қамтудың Стратегиясы бойынша практикалық семинарларды дайындау. Жедел және статистикалық есептерді жинау, жинақтау және талдау. ЗТМО базасында компьютерлік дерекқорды жүргізу. Басқарманың алдында тұрған міндеттерді орындау жөніндегі басшылықтың тапсырмаларын орындау. Оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша жоспар жобаларын, дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Бекітілген жоспарлар, дамыту бағдарламалары шеңберіндегі іс-шараларды іске асыру мониторингі
Ішкі конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі: Жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), білім беру, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) персоналды басқару бөлімінің басшысымен расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға не «Е-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде - ішкі конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны әңгімелесуге үміткерлерді жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
22.12.2016ж.
Общий конкурс на занятие вакантной административной государственных должностей корпуса «Б»: Руководитель отдела государственных закупок, категория Д-О-3 – 1

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты (1 бірлік)

22 дек 18:04
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 301 кабинет, анықтама телефоны: 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжай: social@kostanay.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру; бөлімнің жұмыс жоспарын жасау; Басқарманың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну; жабдықтаушылармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу; мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу; бөлімнің қызметі туралы есептерді дайындау.
Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі: жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит), құқық (құқықтану).
Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біреуіне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, С-О-5, С-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, С-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық1 лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Құзыреттердің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға не «Е-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде - жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынады.
Құжаттарды «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің электрондық мекенжайына электрондық түрде не «E-gov» электрондық үкімет порталы арқылы ұсынған кезде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын ұсынылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны әңгімелесуге үміткерлерді жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

22.12.2016ж.
Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

22 дек 16:33
2016 жылғы 27 желтоқсанда сағат 15.00 – те Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34 мекенжайы бойынша, 305 кабинетте «Фирма Арасан» Рудный филиал ЖШС, «Istithmar Agro» ЖШС, «AS Beauty ЖШС» өтініштер қарау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ

2016 ж. 22.12


Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС
О допуске на собеседование

О допуске на собеседование

22 дек 14:47
Протоколом № 1 от 22.12.2016 заседания конкурсной комиссии по занятию вакантной административной государственной должности решили:

1. Признать документы участника конкурса Бексултановой Назиги Хаджимуратовны соответствующими установленным квалификационным требованиям к соответствующей административной государственной должности корпуса «Б» и допустить к собеседованию для занятия вакантной должности главного специалиста отдела занятости населения и рынка труда (категория Д-О-4);
2. Документы Каппасовой Гульнары Нурлановны не соответсвуют установленным квалификационным требованиям к соответствующей административной государственной должности корпуса «Б» для занятия вакантной должности главного специалиста отдела занятости населения и рынка труда (категория Д-О-4) в части опыта работы;
3. Утвердить прилагаемый перечень вопросов, задаваемых кандидатам.
Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы