Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

Материалы за Февраль 2017 года » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

Общий конкурс на занятие вакантной административной государственных должностей корпуса «Б»: Руководитель отдела государственных закупок, категория Д-О-3 – 1

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты (1 бірлік)

28 фев 14:32
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (110000, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 301 кабинет, анықтама телефоны: 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжай: social@kostanay.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты (1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің қызметін ұйымдастыру; бөлімнің жұмыс жоспарын жасау; Басқарманың мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну; жабдықтаушылармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу; мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу; бөлімнің қызметі туралы есептерді дайындау.
Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Білімі: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит), құқық (құқықтану).
Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біреуіне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Құзыреттердің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Солай бола тұра, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурс жарияланған бос лауазым бойынша еңбек өтілі қажет болмаса және егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаса еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынудың қажеті жоқ.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға не «Е-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде - жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны әңгімелесуге үміткерлерді жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

28.02.2017 ж.
___________________________________________________________
Министр труда и социальной защиты населения РК  Т.К.Дуйсенова разъяснила ветеранам и инвалидам Костанайской области как будут повышаться пенсии и пособия

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ.Дүйсенова Қостанай облысының ардагерлері мен мүгедектеріне зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді

24 фев 19:00
Бүгін Қостанайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ардагерлер, мүгедектер, жастар және ҮЕҰ өкілдерімен өткен кездесуде зейнетақы мен жәрдемақының қалай өсетіндігін түсіндірді.

Іс-шараға облыс, қала және аудан әкімдерінің кеңесшілері, облыстық басқармалардың, ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аумақтық департаментінің, аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектер қоғамдарының және жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Тамара Дүйсенова қарт адамдарға қамқорлық жасау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдығы екенін атап өтті.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында Мемлекет Басшысы 2017-2019 жылдары азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін кезең-кезеңмен көтеру міндеттерін қойды.

«Бірінші кезеңде, яғни 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, ынтымақты зейнетақы мөлшері, жылдың басында қосылған 9 пайызды ескергенде, 11%-ға ұлғайтылады; базалық зейнетақы мөлшері, жылдың басында қосылған 7 пайызды ескергенде, 13%-ға көтеріледі. Нәтижесінде, біз, 2016 жылмен салыстырғанда зейнетақы мөлшерін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Бұл барлық зейнеткерлерге немесе 2 миллионнан астам адамға қатысты. Бюджетті нақтылау кезінде бұл мақсатқа шамамен 80 млрд теңге көзделген», - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, екінші кезеңде, жаңа әдістеме бойынша есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы және базалық зейнетақы мөлшері 16%-ға дейін артпақ.

Өсімнің үшінші кезеңі тек базалық зейнетақыға қатысты болады және 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асады деп болжануда. Бұл базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруімен байланысты. Жаңа тәсілге сәйкес, ол, 1998 жылға дейін еңбек өтілі мен 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы аударымдарының келіп түсу кезеңдері кіретін зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай тағайындалатын болады.

«Егер азамат тек 10 жыл жұмыс жасап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қаражат аударса немесе мүлдем жұмыс жасамаса, оның базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 54% құрайды, яғни бүгінгі базалық зейнетақы мөлшеріне балама болады. 10 жылдан артық жұмыс жасаған әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға артады. Мысалы, еңбек өтілі – 20 жыл болса, базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 74% құрайды, 30 жыл жұмыс жасаса - базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 94% құрайды, егер еңбек өтілі 33 немесе одан да көп болса - ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 100% құрайтын болады. Қайта есептеу нәтижесінде ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 100% құрайтын базалық зейнетақы алушылардың саны 45,2% жететін болады, 74-тен 100 %-ға дейін - 44,7%. Базалық зейнетақының орта мөлшері 1,8 есе өседі (ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 87%), деп, түсіндірді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚР ЕХӘҚМ басшысы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмек туралы айтып берді.

Министр труда и социальной защиты населения РК  Т.К.Дуйсенова разъяснила ветеранам и инвалидам Костанайской области как будут повышаться пенсии и пособия
Семинар - совещание по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства с участием Министром труда и социальной защиты населения РК Дуйсеновой Т.К.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Қ. Дүйсенованың қатысуымен өнімді жұмыспен қамтудың даму бағдарламасын іске асыру және жаппай кәсіпкерлік мәселелері бойынша семинар – кеңес өтті

24 фев 18:29
Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің халқына «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауының негізгі сәттерін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қостанай облысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Қасымқызы Дүйсенованың басшылығымен республикалық ақпараттық топтары келді.
2017 жылдың 24 ақпанында сағат 11.30 да облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемалованың басқаруымен 2017-2021 жылдарға өнімді жұмыспен қамтудың даму Бағдарламасын іске асыру және жаппай кәсіпкерлік мәселелері бойынша семинар – кеңес өткізілді.
Осы кеңеске аудандардың және қалалардың әкімдері, жұмыспен қамту бөлімдерінің басшыларының және білім ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, банк жүйелерінің, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және тағы да басқалар қатысты.
Семинар - совещание по вопросам реализации Программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства с участием Министром труда и социальной защиты населения РК Дуйсеновой Т.К.
Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

21 фев 12:01
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

2017 жылғы 24 ақпанында сағат 15.00 – де Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34 мекенжайы бойынша, 305 кабинетте «Наушарбан» ЖК және «ВостокЭнергоЧерМет» ЖШС өтінішін қарау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.


21.02.2017 ж.
Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС
Отчет деятельности ГУ «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» по вопросам оказания государственных услуг за 2016 год

Отчет деятельности ГУ «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» по вопросам оказания государственных услуг за 2016 год

20 фев 17:58
Отчет деятельности
ГУ «Управление координации занятости и социальных программ
акимата Костанайской области»
по вопросам оказания государственных услуг за 2016 год

1. Общие положения

1) Государственное учреждение «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере координации занятости и социальных программ. Миссия государственного учреждения "Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области" - осуществление государственных функций и реализация государственной политики в сфере координации занятости и социальных программ, миграции населения.
2) Информация о государственных услугах:
- количество государственных услуг - 2;
- количество государственных услуг, оказываемых через Государственную корпорацию «Правительство для граждан» - 1;
- количество государственных услуг, оказываемых на бесплатной основе – 2, на платной основе - 0;
- количество государственных услуг, оказываемых в бумажной и (или) электронной форме - 2;
- количество утвержденных стандартов и регламентов государственных услуг - 2;

3) Информация о наиболее востребованных государственных услугах:

№ п/п Наименование государственной услуги Количество услуг, оказанных в 2016 году
1 Присвоение статуса оралмана 272

2. Работа с услугополучателями

1 Сведения об источниках и местах доступа к информации о порядке оказания государственных услуг Информация о порядке оказания государственных услуг размещена на интернет-ресурсе услугодателя - www. zansoc.kostanay.gov.kz, веб-портале «электронного правительства» - www.egov.kz, www.elicense.kz, в средствах массовой информации: газета «Костанайские новости» 16.07.2016 года; ИПС «Әділет» 20.07.2016 года.
В холле здания Управления оборудован стенд «Государственные услуги», на котором размещены нормативные правовые акты, регламентирующие оказание государственных услуг. Телефон единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414.
2 Информация о публичных обсуждениях проектов стандартов государственных услуг Публичные обсуждения проектов осуществляется непосредственно интернет портала открытых НПА, режим «on-line», а также на сайте Управления.
3 Мероприятия, направленные на обеспечение прозрачности процесса оказания государственных услуг (разъяснительные работы, семинары, встречи, интервью и иное) В целях обеспечения прозрачности процесса оказания государственных услуг проведены 4 тематических семинара-совещания, отчетные встречи в партии «Нур Отан», интервью 5 июля 2016 года на телеканале Алау по оказанию государственной услуги присвоение статуса оралмана, информация размещена на сайте Управления.


3. Деятельность по совершенствованию процессов оказания государственных услуг

1) Государственные услуги автоматизированы. Сведения по оралманам вносятся в базу данных автоматизированной информационной системы (АИС) «Оралман». Сведения по выдаче, переоформлению и продлению разрешения иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы вносятся в АИС «Иностранная рабочая сила». Информационные ресурсы на постоянной основе поддерживается в актуальном состоянии.
2) Для сотрудников Управления проводятся семинары-совещания по изучению законодательства в сфере оказания государственных услуг, изменениям в стандарты и регламенты оказания государственных услуг, недопущению нарушений сроков их оказания.
В августе 2015 года руководителем отдела миграции пройдено повышение квалификации по теме «Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясат».
В сентябре-октябре 2015 года пройдено повышение квалификации специалистом отдела миграции, специалистом отдела нормирования, оплаты труда и социального партнерства по теме «Управление качеством оказания государственных услуг в электронном формате».
В апреле-мае 2016 года пройдено повышение квалификации руководителем отдела нормирования, оплаты труда и социального партнерства по теме «Внедрение реинжиниринга бизнеса-процессов оказания государственных услуг в государственных органах».
3) С целью нормативно-правового совершенствования процессов оказания государственных услуг Управление направляет свои предложения по стандартам государственных услуг, утвержденные приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 «Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере», приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 579 «О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан».

4. Контроль за качеством оказания государственных услуг

1) Жалоб услугополучателей по вопросам оказания государственных услуг в 2016 году не поступало.
2) Контроль за качеством оказания государственных услуг проводится на постоянной основе, ежемесячно Управление направляет отчеты по формам 1, 2 и по внутреннему контролю.
3) Департаментом Министерства по делам государственной службы РК по Костанайской области был проведен внешний анализ коррупционных рисков, в данный анализ были включены также мероприятия по анализу оказания государственных услу за 2015 год и 1 квартал 2016 года. По итогам анализа даны рекомендации по недопущению нарушений в сфере оказания государственных услуг.
4) Общественный мониторинг качества оказания государственных услуг не проводился.

5. Перспективы дальнейшей эффективности и повышения удовлетворенности услугополучателей качеством оказания государственных услуг

Управлением координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области на постоянной основе ведется мониторинг и учет ввоза организациями иностранной рабочей силы (ИРС) в Республику Казахстан.
Работодатели, получившие разрешения на привлечение иностранной рабочей силы, предоставляют ведомственную статистическую отчетность в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан.
По состоянию на 1 декабря 2016 года в 14 предприятиях области по разрешениям работают 33 человека, в том числе по первой категории – 8 человек (одновременно учредители), по второй категории – 6, третьей – 11 человек, по четвертой категории (квалифицированные рабочие) – 8 человек. Численность граждан Казахстана, работающих у них – 19709 человек.
На основании приказа и.о. Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 июня 2016 года № 559 «Об утверждении Правил и условий выдачи и (или) продления разрешений работодателям на привлечение иностранной рабочей силы, а также осуществления внутрикорпоративного перевода» и в целях эффективности и повышения удовлетворенности услугополучателей качеством оказания государственных услуг в регламенте государственной услуги «Выдача и продление разрешения иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории соответствующей административно-территориальной единицы»сокращены сроки оказания государственной услуги, а также сокращен перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги.
Мероприятия проводимые в целях повышения качества оказания государственных услуг в 2017 году будут продолжены.


______________________________________
Разъяснения по обращению Главы государства к народу Казахстана 25 января 2017 года

Мемлекет басшысының Үндеуін түсіндіру жөніндегі кездесу

15 фев 16:50
Мемлекет басшысының Үндеуін түсіндіру жөніндегі кездесу

2017 жылғы 14 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ҚР Президентінің Қазақстан халқына Үндеуін түсіндіру жөніндегі Нұр Отан партиясының ҚҚФ ақпараттық-насихат тобының мүшесі Л.В. Мацупа сөз сөйледі.
Л.В. Мацупа өзінің сөзінде Конституциямыздың 18-бабына, 14-тармағына және 11) тармақшасына өзгерістер енгізу ұсынылғанын айтты.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясына елеулі өзгерістер енгізіліп, Қазақстан іс жүзінде президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшті. Бұл бағыт жаңа өзгерістер қабылданғаннан кейін де сақталады, бірақ Президент Ұлт Көшбасшысы, президенттік республика басшысының өкілеттіктерін сақтап қалады. Ал ұсынылатын өзгерістер заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері тармақтарының халық пен мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған.


Разъяснения по обращению Главы государства к народу Казахстана 25 января 2017 года
Внутренний конкурс среди государственных служащих данного государственного

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

13 фев 22:29
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 301 кабинет, анықтама телефоны: 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжай: social@kostanay.gov.kz) осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: интернат үйлеріндегі қамқорлықтағылардың тұрмыстық, медициналық қызмет көрсету күйін, қамқорлықтағылардың депозиттік салымдарын пайдалану дұрыстығын бақылау, интернат үйлері туралы ереже талаптарының сәйкестігіне интернат мекемелеріне жолданатын құжаттардың сараптамасы, койко-орындарды толтыру талдауы, есептер дайындау, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңын іске асыру. Іс қағаздарын жүргізу мәселесі бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Азаматтардың өтініштерін қарау, қоғамдық ұйымдармен байланысты нығайту.
Білімі: жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары.

2. Халықты жұмыспен қамту және еңбек рыногы бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: еңбек рыногы мәселелері жөніндегі ай сайынғы және тоқсандық есептер мен ақпараттарды жинақтау және талдау. Жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен жұмыс жасау. Еңбек рыногы жөніндегі ай сайынғы және тоқсандық есептер мен ақпараттарды жинақтау. Еңбек рыногы, жұмыс орындарын құру мониторингі, кадрларды даярлау және оларды жұмысқа орналастыру қажеттілігін анықтау. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау. Компьютерді, Word, Excel, АИСТ, Статистика, Аналитик бағдарламаларын білу.
Білімі: жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары.

Жұмыс тәжірибесі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-О-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-О-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-О-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) персоналды басқару бөлімі басшысының қолы қойылған қызметтік тізімі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға не «Е-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде - ішкі конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырады.
Құжаттар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде (кадр қызметі) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаты есебінен жүргізеді.

13.01.2017 ж.
Встреча по разъяснению Обращения Президента

Президенттің Үндеуін түсіндіру жөніндегі кездесу

10 фев 17:52
Президенттің Үндеуін түсіндіру жөніндегі кездесу

Ағымдағы жылғы 10 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Т. Құсайынованың Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қостанай облыстық оңалту орталығы» КММ базасында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу және жаңа конституциялық реформалар мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің Үндеуін түсіндіру жөнінде облыстың медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қызметкерлерімен кездесуі өтті.
А.Т. Құсайынова өзінің сөзінде қатысушыларды Мемлекет басшысының Үндеуінің негізгі қағидаларымен таныстырып, Ұлт көшбасшысының қазақстандықтарға мемлекет құрылымының бірегей шешімін және саяси мәдениеттің жаңа деңгейіне шығуды ұсынып отырғанын айтты.
Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу реформасы ең әуелі Қазақстанның өзіндік тәжірибесі мен сұраныстарына сүйеніп қолға алынғаны атап өтілді. «Реформалар бағдарламасы – Қазақстан қай бағытта дамиды деген сұраққа беретін жауабымыз. Жауап айқын және бұрыннан белгілі - Қазақстан демократиялық даму бағытын бетке ұстайды» - деді Президент.

Встреча по разъяснению Обращения Президента
ПАМЯТКА по Базе данных НПО

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

09 фев 08:27
ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

PAMYaTKA-kaz.doc [139,5 Kb] (cкачиваний: 2)
Методические рекомендации  о порядке предоставления сведений о своей деятельности неправительственными организациями и формированию Базы данных о них

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар

09 фев 08:18

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы
әдістемелік ұсынымдар


Metod.-rekom.-BD-NPO-kaz.-1.doc [91,5 Kb] (cкачиваний: 2)

Voprosy-otvety-po-BD-NPO-kaz.doc [52,5 Kb] (cкачиваний: 2)
Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы