Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

Материалы за Август 2017 года » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

Проект Концепции дальнейшей модернизации системы социального обслуживания

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі Концепциялау жобасы

31 авг 16:30
2017 жылғы 28 тамызда Қостанай облысы әкімдігінің жанында мүгедектерді қоғамға бейімдеу және ықпалдау мәселелері бойынша Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.К. Жүндібаевтың төрағалығымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі модернизациялау Концепциясының жобасын талқылау бойынша Кеңес отырысы өтті.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі Концепциялау жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» Бағдарламалық мақаласын және 2030жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік даму концепциясын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен өңделген.
Кеңес отырысына 30 адам қатысты, жалпы алғанда Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі модернизациялау Концепциясының жобасын комиссия мүшелері қолдады және бекітті.
Проект Концепции дальнейшей модернизации системы социального обслуживания
Проект Концепции дальнейшей модернизации системы социального обслуживания
Проект Концепции дальнейшей модернизации системы социального обслуживания
О проведении круглого стола на тему  «Социальная работа в современном обществе»

«Қоғамдағы әлеуметтік жұмыстың бүгінгі жай-күйі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

25 авг 16:40
2017 жылдың 24 тамызында «Қостанай арнаулы қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қоғамдағы әлеуметтік жұмыстың бүгінгі жай-күйі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қостанай балалар арнаулы қызмет көрсету орталығының директоры, директордың орынбасары және әлеуметтік қызметкерлері шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызметкерлер ролі туралы өзекті мәселелер талқыланды. Әрине, дөңгелек үстелдің басты тақырыбы 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында бірінші рет өтетін, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің форумы болды.
Сонымен бірге, кезекті түрде әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін жаңғыртуды одан әрі тереңдету тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар, әлеуметтік саланың әлеуметтік қызметкерлері бола отырып, мемлекетіміздің басқа азаматтары сияқты, бүгінгі заманға сай әлеуметтік салада жаңғырту кезеңінің «кез-келген сәттің кураторы», білікті де білімді маман болу керектігін атап өтті.
О проведении круглого стола на тему  «Социальная работа в современном обществе»
Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

24 авг 09:21
28 августа 2017 года в 15.00 часов по адресу г. Костанай, ул. Касымканова, 34, в 305 кабинете состоится заседание комиссии по выдаче разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для рассмотрения заявления ТОО «Агроинтерптица».
ГУ «Управление координации занятости
и социальных программ акимата Костанайской области»

24.08.2017 г.
День открытых дверей в КГУ «Рудненский центр оказания специальных социальных услуг №3»

«№3 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Ашық есік күні өткізілді

21 авг 18:01
«№3 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 2017 жылдың 21 тамызы күні жыл сайынғы «Ашық есік күні» мерекесі өткізілді. (бұдан әрі - Орталық).
Жыл сайын Орталық қамқорлықтағылардың ата-аналары мен туған-туыстарына өз есігін айқара ашады. Бұл күні келген қонақтарға бөлімдерді аралап көруге мүмкіндік берілді және қызмет алушылардың қолданбалы көркемөнер көрмесін тамашалау ұйымдастырылды. Орталық тұрғындарының өмір сүріп жатқан орындарын туған-туыстары өз көздерімен көрді.
Орталық басшысымен кездескен кезде қонақтар көкейтесті сұрақтарын қойды.
Кездесу барысында әлеуметтік қызметкерлердің айтарлықтай күрделі жұмысы, орталықтың қызметіне қосқан үлестері жайлы айтылды, сонымен қоса қызмет алушылардың әр қайсысына жеке-жеке қызмет көрсетілетіні атап өтілді.
Сонымен бірге, қонақтарға Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында ағымдағы жылдың 20 қыркүйекте тарихымызда алғаш рет Әлеуметтік қызметкерлердің I Форумы өткізілетіні туралы хабардар етілді.
Мерекелік күн «Екі жұлдыз» шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды, қатысушыларға бағалы сыйлықтармен ұтыстар табысталды. Орталықтың тұрғындары мен қонақтары осы басқосуға қуанып, Ашық есік күнін ұйымдастырған ұйым басшылығына өз алғыстарын жеткізді.

День открытых дверей в КГУ «Рудненский центр оказания специальных социальных услуг №3»
Твори добро!

Мейірімділік жаса!

21 авг 10:39
17 тамызда №3 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлер ұжымы қамқорлықтағы жандармен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша кезекті рет «Мейірімділік жаса!» концерттік бағдарламамен №1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып қайтты. Осы жолы концерт ағымдағы жылы 20 қыркүйекте республикамыздың елордасында өтетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметкерлерінің алғашқы форумының ақпараттық кампаниясы аясында ұйымдастырылды.
Әртістер сүйікті әндерін айтты және көрермендерді көңілді би нөмірлерімен қуантты.
№1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағылары қонақтарға осы мерекелік сыйлықтары үшін өз алғыстарын білдірді. Концерт көңілді дискотекамен және дастархан басында шай ішумен аяқталды.
Шай іше отырып, қамқорлықтағылар күндіз-түні қастарынан табылатын әлеуметтік қызметкерлеріне шексіз алғыстарын білдірді.
Көршілес орталыққа қонаққа баруы біреулеріне мерекелік сезім сыйласа, басқаларына қайырымды іске қатысудан жақсы көңіл күй және қуаныш сыйлаған қажетті оқиға болды.

Твори добро!
Твори добро!
Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

18 авг 09:20
2017 жылғы 23 тамызда сағат 15.00 – те Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34 мекенжайы бойынша, 305 кабинетте «KZ Astyk» ЖШС өтінішін қарау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ

2017 ж.18.08
Информация о совещании с  неправительственными организациями

Үкіметтік емес ұйымдармен өткен кеңес туралы ақпарат

15 авг 18:17
2017 жылғы 11 тамызда «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ мәжіліс залында мынадай мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен дөңгелек үстел өтті:
- мүгедектерді протездік-ортопедиялық, естуді протездеу көмегімен, санаторий-курорттық емдеумен, тифло-, сурдоқұралдармен, міндетті гигиеналық құралдарымен, кресло-арбалармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді монетизациялау мүмкіндігі;
- отандық өндірушілер, мүгедектер ұйымдарының бірыңғай тізімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі функцияларды «Атамекен» ҚР ҰКП беру;
- әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінде қолжетімді орта құру, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігіне мүмкіндік туғызатын құралдар сыныптауышы жөніндегі оқу-әдістемелік құралдарын талқылау.
Барлығы 10-нан артық адам қатысты.
Информация о совещании с  неправительственными организациями
Информация о совещании с  неправительственными организациями
ПАМЯТКА

Жадынама

14 авг 16:34
Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасыны Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақаталған функцияларды орындауға уәкілетті кандидаттары болып табылатын тұлғалардың алған сыйлықтарын мемлекеттік мүлікті басқару немесе жергілікті атқарушы органға тапсыру бойынша
Жадынама

1. Тұлғалар (тұлғаның келісімінсіз келіп түскен; тұлға мен оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты алынған; көпшілік алдында немесе ресми іс-шара кезінде оның лауазымдық жағдайына немесе қызметтік міндеттерін орындауына байланысты берілген (табысталған) сыйлықтыалған (анықтаған) күнінен бастап 7 күн тізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырады. Сыйлықты тапсыру тұлғаның сыйлықты сатып алу немесе оны сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі – хабарлама) қоса тіркеп, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасайтын тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады.

2. Хабарламада мынадай мәліметтер болуы тиіс: уәкілетті органның немесе ЖАО атауы; сыйлықты тапсыратын тұлғаның аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, байланыс мәліметтері; сыйлықтың атауы, саны және қысқаша сипаттамасы; сыйлықты сатып алу немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат. Сонымен қатар сыйлық сатып алынатын жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды тұлғаның сатып алуға келісімі туралы белгісі (аты-жөні, лауазымы, мөрмен расталған қолы) қойылады.

3. Тұлға сыйлықты ЖАО-ға тапсырған жағдайда, ЖАО 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тиісті хабарлама жолдайды. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда аталған мерзім ішінде есепке алуды, сақтауды және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға беруге жатады.

4. Уәкілетті орган сыйлық тытапсырған тұлғадан тиісті хабарлама алғаннан кейін 7 күн тізбелік күн ішінде сыйлықты бағалау жүргізіліп, аталған тұлға мен сатып алу-сату шарты жасалады. Бұл ретте тұлғаның ЖАО-ға тапсырған сыйлықтары бойынша бағалау өткізу және сатып алу-сату шартын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алынған сәттен бастап саналады.

5. Уәкілетті орган сыйлықты тапсырған тұлғаның оны сатып алудан жазбаша бас тартуынан кейін ғана сыйлықты арнайы мемлекеттік қордан үшінші тұлғаларға сатуды жүргізуге құқылы.
Анықтама ретінде: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 472-бабы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұліс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

https://cloud.mail.ru/public/LsEP/wDdrapE4H
Государственная адресная социальная помощь

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

14 авг 16:30
https://cloud.mail.ru/public/DrjZ/ViAcDHG4H
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап кедейлік шегінен тыс тұратын отбасыларға (азаматтарға) төленеді, яғни табыстары 8728 теңгеден төмен отбасының әр мүшесіне (2017 жылғы 3-тоқсанына бекітілген күнкөріс минимумының шамасынан 40% - 21819 теңге). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері уәкілетті органмен отбасының әр мүшесіне есебімен шан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі. .
2017 жылғы 1 тамызға Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек сомасы 30258,2 мың теңгеге 2064 адамға төленді. Бір алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2094,3 теңгені құрды.
Балалар бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар
18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың табыстарын ұлғайту мақсатында 2006 жылдан бастап жан басына шаққанда айлық табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға балалар жәрдемақысы төленеді. 2017 жылғы 3 - тоқсанға азық-түлік себетінің құны 13091 теңгені құрды (күнкөріс минимумының 60% - 21819 теңге). Жәрдемақы әр балаға бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде (балалар жәрдемақысын тағайындауға - 2383 теңге) ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
2017 жылдың 1 тамызға Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік балалар жәрдемақысы сомасы 202784,6 мың теңгеге 17196 балаға төленді.
Тұрғын үй көмегі
Азаматтардың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын үйді ұстауға төлеу және коммуналдық қызметтерді тұтынудың шекті жол берiлетiн деңгейі отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiнен 10 пайыздан асатын кезде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарын төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын аударылады. («Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысы).
2017 жылғы 1 тамызға Қостанай облысы бойынша 11539 отбасына сомасы 230213,6 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Отбасына тұрғын үй көмегінің айлық орташа мөлшері 2850,1 теңге құрайды.
Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы