Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

Материалы за Октябрь 2017 года » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

25 окт 17:08
2017 жылғы 26 қазанда сағат 16.00 – де Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34 мекенжайы бойынша, 305 кабинетте ЖШС ТОО «AS Beauty». өтінішін қарау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.


23.10.2017 ж.

Государственное учреждение «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» объявляет общий конкурс на занятие вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»:

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

25 окт 14:13
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34, 301 кабинет, анықтама телефоны: 50-13-08, факс: 50-09-02, электрондық мекенжай: social@kostanay.gov.kz) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: интернат үйлеріндегі қамқорлықтағылардың тұрмыстық, медициналық қызмет көрсету күйін, қамқорлықтағылардың депозиттік салымдарын пайдалану дұрыстығын бақылау, интернат үйлері туралы ереже талаптарының сәйкестігіне интернат мекемелеріне жолданатын құжаттардың сараптамасы, койко-орындарды толтыру талдауы, есептер дайындау, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңын іске асыру. Іс қағаздарын жүргізу мәселесі бойынша медициналық-әлеуметтік мекемелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Азаматтардың өтініштерін қарау, қоғамдық ұйымдармен байланысты нығайту.
Білімі: жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары.
2. Мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін (уақытша жүктілікке және босануына байланысты 28 желтоқсанға дейін).
Функционалдық міндеттері: Ақпарат дайындау, қоғамдық ұйымдармен байланысты қолдау. Соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мүгедектер мен ардагерлерді сауықтыру жұмыстарын жүргізу.
Білімі: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы), құқық (құқықтану), білім беру, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдар.
Жұмыс тәжірибесі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттаманысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34 мекенжайындағы «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөліміне құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе электрондық түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық мекенжайға не «Е-gov» электронды үкімет порталы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде - ішкі конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырады.
Құжаттар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ өтеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінде (кадр қызметі) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаты есебінен жүргізеді.



25.10.2017 ж.

Государственное учреждение «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» объявляет общий конкурс на занятие вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»:
25 октября 2017 г. проведен социальный форум «Аялы алақан», посвященный Дню инвалидов в Казахстане и Дню работников системы социальной защиты

2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді

23 окт 18:12
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес (1993 жылғы 15 маусымдағы № 1224) қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасында Мүгедектер күні болып саналады.
Жарияланған күннің мақсаты – адамдардың құқықтарын толық және тең сақтау, мүгедектердің қоғам өміріне қатысуы.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасында қазан айының соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы жарлығымен бекітілген Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталады. Бұл осы салада қажырлы еңбек етіп, қарттар мен мүгедектерге, балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген адамдарға деген зор құрметтің, шынайы алғыстың белгісі. Себебі қоғамның тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты, көп жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктердің деңгейіне байланысты болады.
Тиімді диалогтік алаң құру, тәжірибе алмасу және сындарлы ұсыныстар әзірлеу мақсатында ағымдағы жылғы 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы (бұдан әрі - Форум) өткізілді.
Форумның жұмысына Қостанай облысының әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлы, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, әлеуметтік сала, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, әлеуметік бейімдеу және жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері, мүгедектердің мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, параолимпиада ойындарының спортшылары қатысты.
Форумды өткізу барысында мынадай номинациялар бойынша «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды:

«Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері» - Шакирова Гүлнәр Бекембайқызы

«Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері» - Жұбанова Гүлшат Амангелдіқызы

«Үздік әлеуметтік қызметкер» - Лень Тамара Григорьевна

«Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» - Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» - «Үміт-Надежда» тірек-қиымл аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» ҚБ

«Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы» - Асанова Назима Мұқатайқызы, «Қостанай психоневрологиялық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры

«Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» - Тазибекова Гүлжанат Төлеуқызы

«Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» - Гурин Виктор Петрович

«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» - Юсупова Жібек Торсанқызы

«Үздік әлеуметтік жоба» - «Мүгедектердің Рудный қалалық ерікті қоғамы» ҚБ (Ещанов С. С.)

«Ар-Раиан» серіктестігінің директоры, меценат Қанат Дюсембайұлы Сәлімгереевке алғыс хат.

25 октября 2017 г. проведен социальный форум «Аялы алақан», посвященный Дню инвалидов в Казахстане и Дню работников системы социальной защиты
Состоится заседание комиссии по выдаче разрешений работодателям  на привлечение ИРС

Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

16 окт 14:36
2017 жылғы 19 қазанда сағат 16.00 – де Қостанай қ., Қасымқанов к-сі, 34 мекенжайы бойынша, 305 кабинетте ЖШС ТОО «Nile Trading (Найл Трэйдинг)» өтінішін қарау үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.


2017ж.16.10.
Уважаемые жители областного центра!

Құрметті облыс орталығының тұрғындары!

12 окт 18:43
2017 жылдың 20 қазанында сағат 15:00-де облыстық филармония ғимаратының бірінші қабатында «Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі» өтеді.

Денсаулық сақтау, білім, жер қатынастары, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, сәулет және басқа да салаларда мемлекеттік қызмет алу тәртібі

туралы кеңес алуға болады.

Сонымен қатар, Сіздердің мемлекеттік қызмет алуға арыз берулеріңізге, сонымен қатар электронды санды қол алуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Уважаемые жители областного центра!
Итоги заседания конкурсной комиссии по занятию вакантной административной государственной должности от 2 октября  2017 года

Конкурстық комиссияның 2017 жылғы 2 қазандағы №3 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын атқару жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасының шешімі бойынша

03 окт 12:44
Конкурстық комиссияның 2017 жылғы 2 қазандағы №3 бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарын атқару жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасының шешімі бойынша:
Қабылдауды ұсынамыз:
әлеуметтік нормалар мен әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі Шурина Мира Құспанқызын;
мүгедектер мен еңбек ардагерлері бөлімінің бас маманы лауазымына Әйтенов Қымбат Асқарқызын;
Государственная адресная социальная помощь

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

01 окт 11:40
2017 ж. 1 қазанға
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап кедейлік шегінен тыс тұратын отбасыларға (азаматтарға) төленеді, яғни табыстары 9362 теңгеден төмен отбасының әр мүшесіне (2017 жылғы 4-тоқсанына бекітілген күнкөріс минимумының шамасынан 40% - 23405 теңге). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері уәкілетті органмен отбасының әр мүшесіне есебімен шан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі. .
2017 жылғы 1 қазанға Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек сомасы 38612,6 мың теңгеге 2176 адамға төленді. Бір алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 1971,6 теңгені құрды.
Балалар бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар
18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың табыстарын ұлғайту мақсатында 2006 жылдан бастап жан басына шаққанда айлық табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға балалар жәрдемақысы төленеді. 2017 жылғы 4 - тоқсанға азық-түлік себетінің құны 14043 теңгені құрды (күнкөріс минимумының 60% - 23405 теңге). Жәрдемақы әр балаға бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде (балалар жәрдемақысын тағайындауға - 2383 теңге) ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
2017 жылдың 1 қазанға Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік балалар жәрдемақысы сомасы 271403,9 мың теңгеге 18179 балаға төленді.
Тұрғын үй көмегі
Азаматтардың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын үйді ұстауға төлеу және коммуналдық қызметтерді тұтынудың шекті жол берiлетiн деңгейі отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiнен 10 пайыздан асатын кезде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарын төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын аударылады. («Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысы).
2017 жылғы 1 қазанға Қостанай облысы бойынша 11574 отбасына сомасы 238857,4 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Отбасына тұрғын үй көмегінің айлық орташа мөлшері 2579,7 теңге құрайды.
https://cloud.mail.ru/public/DSv4/CccHFDNzo
Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы