Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

Борьба с коррупцией » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

Антикоррупционный стандарт государственного учреждения «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области»

«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

16 янв 17:31
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер» Заңының 10 бабына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында стандартының жобасы құрастырылды.
Ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін жобаны талқылауға қатысуға қоғамды шақырамыз.


Жоба
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы осы стандарт «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленді.
1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасы» ММ.
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) қағидалары:
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық принципін басшылыққа алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру;
азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, азаматтардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға;
лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға;
лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
мүдделер қақтығысы туындауының кез-келген мүмкіндігін болдырмау жөнінен шаралар қабылдауға.
3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:
мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал ол туындаған кезде заңнамаға сәйкес жою бойынша шара қолдану;
мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, заңда көрсетілген өзінің міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет көрсетулер және өзге де артықшылықтар қабылдамау;
өз өкілеттіліктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;
еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану; қызметтік міндеттерін алалықсыз және нарықы атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану.
3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде:
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңының нормаларын қатаң ұстану;
мүдделі мемлекеттік органдарға келісімге жібергенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілерді жария талқылау үшін интернет порталда орналастыру;
азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттемелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ұсынымдарды ұсыну үшін қоғамдық кеңестерге жолдау;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларында сыбайлас жемқорлық факторлары немесе олардың белгілері бар нормаларының болуына жол бермеу;
3.4. Тыныс-тіршілік саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде:
мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;
заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;
іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;
басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;
ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;
басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну.
4. Өзге де шектеулер мен тыйымсалулар:
егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, сонымен қатар жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;
мемлекеттік функцияларын атқарумен үйлеспейтін қызметтер және кәсіпкерлік қызмет атқаруға; жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алуға (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);
лауазымдық құзіреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолдануға.

Информация о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков в первом полугодии 2016 года.

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

08 сен 09:50
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 105 бұйрығымен құрылған жұмыс тобымен Басқармада 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жұмыс тобының құрамында Седых В.Н. – персоналды басқару бөлімінің басшысы, Ахметчина Ә.М. – заң бөлімінің бас маманы, Қонақбаев С.Қ. – персоналды басқару бөлімінің бас маманы.
Тексеріс барысында Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар жоқ екені айқындалды.
Басқарманың ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де анықталған жоқ. 1-ші жарты жылдықта мүдделер қақтығысының туындау деректері жоқ. Басқарма 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру (23 мемлекеттік қызмет көрсетілді) және оралман мәртебесін беру (122 мемлекеттік қызмет көрсетілді).
2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында Басқармада мемлекеттік органдар тексеріс жүргізген жоқ. Сот актілері, прокурорлық қадағалау актілері Басқармаға келіп түскен жоқ. БАҚ, Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде Басқарманың қызметі және Басқарма қызметкерлері туралы жағымсыз материалдар жоқ.
Call-центр по вопросам противодействия коррупции

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Call-орталық

18 май 10:27
Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Call - орталық жұмыс істейді. Call -орталықтың негізгі міндеті азаматтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.
Call - орталыққа қонырау шалу «1424» нөмірі арқылы (қонрау шалу тегін) республика бойынша қалалық телефондардан және барлық ұялы байланыс операторларынан жүзеге асырылады.

010000, город Астана, улица С. Сейфуллина, 37
тел.: (7172) 90 92 60, факс: 909173
anticorruption@kyzmet.kz


Call-центр по вопросам противодействия коррупции
Выписка из декларации

Декларациядан көшірілім

21 янв 10:44
Выписка из декларации Заместителя руководителя ГУ «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» Хусаиновой А.Т. за 2015 год:
— Сумма заработка - 2 7580,85 тенге:
— имущество, находящееся на праве собственности: однокомнатная квартира в городе Костанай

Выписка из декларации Заместителя руководителя ГУ «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» Абишевой Н.Н. за 2015 год:
— Сумма заработка - 2 585 465 тенге:
— имущество, находящееся на праве собственности: однокомнатная квартира в городе Костанай
Об Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы

Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015-2025 жылдарєа арналєан сыбайлас жемќорлыќќа ќарсы стратегиясы туралы

01 сен 14:39Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жол бермеу
antikor-strateg-kaz.doc [ b] (cкачиваний: 1)
ИНФОРМАЦИЯ по исполнению пунктов отраслевой Программы по противодействию коррупции в Республике Казахстан на 2011-2015 годы ГУ «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы

01 сен 12:34Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жол бермеу
http://www.zansoc.kostanay.gov.kz./uploads/files/1374030451.doc
Противодействие коррупции

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

01 янв 12:22Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтк бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Басқарма қызметкерлерінің құқықтық бүкіл оқулығының оқу-тақырыптық жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) әзірледі. Аталған Жоспарға сәйкес «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» секілді Қазақстан Республикасы Заңдарының нормаларын түсіндіру бойынша ай сайын семинарлар өткізіледі.
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтк бағдарламалар басқармасы » ММ интернет – ресурсында «НҚА» тарауында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелерін және басқа да мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер орналасқан.
Ай сайын, тоқсан сайын облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне және Құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасына мемлекеттік қызметшілермен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жолданады.
Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы