Мобильді нұсқаНАШАР КӨР. АРНАЛҒАН НҰСҚАҚазақшаРусский

О Форуме социальных работников Республики Казахстан и Республиканской выставки «Лучшие социальные проекты, реализуемые в Казахстане» » Координация занятости
Менюді көрсету
Келушінің сұрағы
Оцените работу движка

25 сен 11:50

Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің форумы және «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі туралы

Ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің алғашқы форумы өтті. Форумның жұмысына 600 мыңнан артық әлеуметтік қызметкер, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Біздің облысымыздан құрамына әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау ұйымдары, ҚР ІІМ оқу ұйымдарының өкілдері енген 30 адамнан делегация барды. Қостанай облысының делегациясын Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаев басқарды.
Форумды өткізудің негізгі мақсаты - халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызметкерлердің рөлін күшейту, олардың заманауи қоғамдағы рөлін және әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесін мойындау, жиналған тәжірибені қорытындылау және сала дамуының негізгі бағдарларын көрсету.
Форумда әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасы жобасының негізгі бағыттары талқыланды.
Форум аясында «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» бесінші мерейтойлық республикалық көрме өтті.
Облыстық іріктеу айналымдарының қорытындылары бойынша Қостанай облысынан республикалық конкурсқа авторы «Мүгедектердің Рудный қалалық ерікті қоғамы» ҚБ төрағасы Санаш Сағандықұлы Ещанов болып табылатын «ТРУД ВСЕМ» атты әлеуметтік жоба жолданды.
2016 жылы «Мүгедектердің Рудный қалалық ерікті қоғамы» ҚБ Қазақстанда БҰҰДБ бойынша грант жеңімпазы атанып, бағдарлама шеңберінде шағын ТҚКС және көлік жууға жабдықтар сатып алынды.
Шағын ТҚКС және көлік жуу жұмыс істеген уақытында көлік жөндеу жөніндегі қызметтермен 65-тен артық адам пайдаланды, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі 15 адам. Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі 16 адам, соның ішінде 2 арбадағы мүгедек жұмысқа орналастырылды. Бұл қызмет халық арасында сұранысқа ин екенін айта кеткен жөн, әсіресе мүгедектер арасында, оларға бұл қызмет тегін көрсетіледі.
Сарапшылар еліміздің барлық облыстарында таратылуы мүмкін деген ең маңызды 3 жобаны белгіледі.
«ТРУД ВСЕМ» жобасы құрметті 2-ші орынға ие болды, сондай-ақ жобаның авторы сомасы 1 500 000 теңгеге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ сертификат алды.
Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код:
Маңызды ақпарат
ҚР Мемлекеттік рәміздері Президенттің Жолдаулары Басқарма басшысы Басқарма басшысы
Популярные статьи
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: 2017 жылдың 25 қазанда Қазақстанда Мүгедектер күніне және Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған «Аялы алақан» әлеуметтік форумы өткізілді Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы өтеді Әлеуметтік көмек жүйесін реформалау мәселесін түсіндіру жөнінде облыс орталығының тұрғындарымен жиын өткізді. Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлык мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды График собеседования на 10 ноября 2017года Әлеуметтік көмек жүйесін реформалауға дайындық туралы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы