Блог статистикасы
195
Жазбалар
4875
Өтініштер
190075
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

«Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) аурудың тұрақты ремиссиясына қол жеткізу үшін жағдай жасау мақсатында мүгедек балаларды сауықтыру бойынша түрлі технологиялар қолданылады – арт-терапия, ароматерапия және фитотерапия, гарденотерапия, анималотерапия, сенсорлық бөлмені пайдалану арқылы сауықтыру.

Осылайша, «Жас Канат» бройлер құс фабрикасы» ЖШС демеушілік көмегінің арқасында Орталықта бройлер балапандарымен жан-жануарлар бұрышы ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер қанатты достарын қызығушылықпен тамақтандырып, оларға күтім жасайды.

Орталық ауласында әсіресе терең ақыл-ой кемтарлығы бар мүгедек балалар үшін шатыр және сумен шынықтыру және күнге қыздырыну процедуралары үшін 2 жүзу бассейні орнатылды. Қызметтің бұл бағыттары мен түрлері балалардың денсаулығын, айналаны тану және ойлау қабілетін нығайтуға, барынша жағымды және көтеріңкі көңіл күйде болуға ықпал етеді, емдік және тыныштандыратын қасиеттерге ие.

хат жіберу