Блог статистикасы
195
Жазбалар
4922
Өтініштер
193329
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости региона

Инна Кисс Біріккен Араб Эмираттарында Арнаулы Олимпиада ойындарында алтынға ие болды

Біріккен Араб Эмираттарында астанасы Абу-Дабиде 2019 жылғы                  14-21 наурыз аралығында арнаулы қажеттіліктері бар және мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Арнаулы Олимпия ойындары-2019 өтті. Ойындарға 170 мемлекеттен келген 7 мыңға жуық спортшы қатысты, олар ресми олимпия спорттың 24 түрі бойынша жарысқа түсті. Қазақстанның құрамасы спорттың 15 түріне қатысты.

БАЭ-рына жұмыс сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев World Games Abu Dhabi 2019 Дүниежүзілік Арнаулы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Бұл интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі спортшылар қатысатын әлемдегі аса ауқымды және гуманитарлық оқиға. Қазақстан Президенті Мухаммед бен Заид Аль Нахаянға жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, Дүниежүзілік Арнаулы Олимпиада ойындарының алғаш рет Таяу Шығыста Біріккен Араб Эмираттарында өтіп жатқанын атап өтті.

«Осы маңызы зор спорттық шара мүмкіндіктері шектеулі спортшыларға өздерінің күші мен жеңіске деген құштарлығын бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жарыстарға Қазақстанның да командасы қатысады. Сіздің елдің басшылары Қазақстанда өткізілетін барлық халықаралық іс-шараларға дәстүрлі түрде қатысады. Сондықтан достық қолдау көрсетіп, Ойындардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысу үшін келдім»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жеті күндік спорттық жетістіктер, мыңдаған спортшылар мен волонтерлар, ондаған оқиғалар, сансыз батылдық көріністері мен жақсы көңіл-күй бір деммен өтті.

Қазақстанның құрама командасындағы «Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тәрбиеленушісі Кисс Инна боулингтен Филиппин, Жапония, БАЭ, Индонезия, Австралия, Грециядан келген спортшыларды артқа қалдырып, «алтынды» жеңіп алды.

Барлығы Қостанай облысының командасында боулинг бойынша жетістіктері: Кисс Инна – 1 алтын, 1 күміс медаль, Проскура Анна – күміс медаль, Жаксымбетов Алмас - 2 күміс медаль, Нальгиев Руслан - 2 күміс медаль, Украинец Наталья – 1 күміс медаль.

 

хат жіберу