Блог статистикасы
196
Жазбалар
2622
Өтініштер
117002
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналаған бағдарламасы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) іс-шараларын іске асыруға 2017 жылы 5,8 млрд теңге көзделді. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыт шеңберінде 1708 адам санында жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (бұл мақсатқа 494,8 млн теңге бөлінді) көзделді, қысқа мерзімды кәсіптік оқытуға 186 адам жіберілді. Кәсіптік оқуды аяқтаған 1582 адамның, 765 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның үшінші бағытын әлеуметтік жұмыс орындарына 485 (137,1 млн теңге) әлеуметтік жұмыс орындарына 954 адам жіберілді, оның 61,2 млн теңгесі игерілді (кезең жоспарының 99,9%), жастар практикасына 440 (150 млн теңге) жастар практикасына 547 адам жолданды, оның 67,1 млн теңгесі игерілді (кезең жоспарының 99,9%), қоғамдық жұмыстарға 3250 адамды (459,1 млн теңге) жұмысқа орналастыру көзделді, қоғамдық жұмыстарға 3334 адам жолданды, оның 299,8 млн теңгесі игерілді (кезең жоспарының 99,8%).


Жұмыспен қамту 2020 жол картасы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) іс-шараларын іске асыруға 2016 жылы Қостанай облысына республикалық бюджеттен 6,8 млрд. теңге бөлінді.

2017 жылдың 1 қаңтарға кезең жоспарынан – 99,3% игерілді.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде әлеуметтік сала объектілерін жөндеу бойынша 428 жобаны іске асыру көзделді. Бұл мақсатқа 4846,8 млн теңге бөлінді. 2017 жылдың 1 қаңтарға 420 жобада жұмыстар аяқталды.

Жобаларды іске асыру барысында 2876 жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 1594 (50%) адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Нақты 2891 жұмыс орны құрылып, Бағдарламаның 1545 қатысушысы жұмысқа орналастырылды.
Екінші бағыт бойынша:
- Бағдарламаның 428 қатысушысына микрокредит беруге - 1283,0 млн теңге; - 150 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 7,0 млн теңге қарастырылды.

2017 жылдың 1 қаңтарға жағдай бойынша Бағдарламаның катысушыларына 577 микрокредит берілді, оның 1283,0 млн теңгесі игерілді, 150 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Үшінші бағытты іске асыру барысында 2016 жылы 359,7 млн теңге қарастырылды, оның ішінде:
- 150 адамды кәсіптік даярлауға және 230 адамды қайта даярлауға – 69,8 млн теңге, оның 68,8 млн теңгесі игерілді (кезең жоспарының 98,5%)
- 246 адам санындағы жұмыс істейтін жастар, жұмыссыз және 55 жастан 64 жасқа дейінгі жұмыстан босатылған адамдарды кәсіптік оқытуға – 24,8 млн теңгесі игерілді оның 21,1 млн теңгесі игерілді (кезең жоспарының 85,0%)
- 84 жалдамалы жұмысшыны оқыту үшін жұмыс берушілерге гранттар беруге – 5,3 млн теңге оның 5,3 млн теңгесі игерілді (кезең жоспарының 99,7%)
- Бағдарламаның 523 қатысушысын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру кезінде жалақыны субсидиялауға 136,7 млн теңге бөлініп, оның 134,7 млн теңгесі игерілді (кезең жоспарының 98,6%);
- 460 түлекті жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастыруға 105,0 млн теңге көзделіп, оның 104,7 млн теңгесі игерілді немесе кезең жоспарының 99,7%.
- оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар мен қоныс аударушыларды көшіруге субсидия беруге (222 адам, оралмандар – 21 отбасы, қоныс аударушылар – 22 отбасы) – 17,8 млн теңге. 2017 жылғы 1 қаңтарға 17,5 мың теңге сомасында немесе кезең жоспарынан 97,9 % субсидия төленді.

2017 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша кәсіби даярлауға 149 адам, 18 жастан 24 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар, 55 жастан 64 жасқа дейінгі жұмыстан босаған және жұмыссыз азаматтар қатарынан 344 адам кәсіптік оқуға, жұмыс берушілердің гранттары есебінен - 87 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 1303 адам, жастар практикасына – 640 адам жолданды.

ЗКәсіптік оқуды аяқтаған 563 адамның 219-і жұмыс орындарын сақтап қалды, 275 адам жұмысқа орналастырылды.

хат жіберу