Блог статистикасы
195
Жазбалар
3374
Өтініштер
146466
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Тұрмысы төмен азаматтар


2018 ж. 1 мамырға

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2002 жылдан бастап кедейлік шегінен тыс тұратын отбасыларға (азаматтарға) төленеді, яғни табыстары 11915 теңгеден төмен отбасының әр мүшесіне (2018 жылғы 2-тоқсанына бекітілген күнкөріс минимумының шамасынан 50% - 23830 теңге). Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері уәкілетті органмен отбасының әр мүшесіне есебімен шан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық түрінде есептеледі.                                                                          .           
2018 жылғы 1 мамырға Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек сомасы 121969,8 мың теңгеге 8525 адамға төленді. Бір алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 3577 теңгені құрды.

Тұрғын үй көмегі

Азаматтардың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын үйді ұстауға төлеу және коммуналдық қызметтерді тұтынудың  шекті жол берiлетiн деңгейі отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiнен 10  пайыздан асатын кезде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарын төлеуге  тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын аударылады. («Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы,  «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысы).
2018 жылғы 1 мамырға Қостанай облысы бойынша 8424 отбасына сомасы 120912,1 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді. Отбасына тұрғын үй көмегінің айлық орташа мөлшері 3588,3 теңге құрайды.

хат жіберу